USD
USD
USD

Айжан Аймағанова Бишімбаевтың сотынан кейін отбасындағы жағдайдың өзгергенін айтты

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова Динара Сәтжанға берген сұхбатында өмірінің бастан-аяқ өзгергенін айтты. 

Аймағанова
Фото: Видеодан скрин

Алматы, NEGE.Прокурор атышулы соттан кейінгі танымалдық өміріне көп өзгеріс әкеліп, тіпті кесірін тигізгенін жасырмады.

“Бұл істен кейін өмірім түбегейлі өзгерді. Өзім тұйық адаммын, жұмыс істейтін салам да танымалдықпен ұштаспайды. Өзім көпшілік алдында жүрген адам емес едім, оған дайын да болмадым, ұмтылмадым да. Мен өз проблемалары, отбасы бар қарапайым адаммын. Үй киіммен алаңсыз далаға шығудан қалдым. Бірақ мұндай құрылымда жұмыс істеп жүріп, танымал болу өте қиын. Күйуім, балаларым бар. Күйеуіммен жақында ғана өмірімізді қайта қалыпқа келтіре бастадық. Керісіп қалатын сәттер болды. Балаларыма да мен туралы айтатын адамдар бар. Сондықтан мен үшін қиын болды”, – деді Айжан Аймағанова.

Десе де қазір танымал прокурор адамдардың өзіне деген ыстық ықыласына, жақсылық тілеген пейіліне шын көңілден ризашылығын білдірді.

Мемлекеттік айыптаушы мұндай өмірге ешқашан үйренісе алмайтынын айтты.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы