USD
USD
USD

«Күйеуі әйелін хиджаб кимегені үшін өлтіріп қойып жатыр» – Әнші Ұланғасыр Қами

Отандық эстрада жұлдызы Ұланғасыр Қами қазіргі уақытта отбасындағы жанжалдардың туындауына себеп болған мәселені айтты. Оның айтуынша, күйеуі әйелін хиджаб кимегені үшін өлтіріп қойып жатыр.

Ұланғасыр Қами
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Сол себепті әнші Ұланғасыр Қами болашақ жарына намаз оқытып, хиджаб кигізетінін мәлімдеді. 

«Ертең өз әйеліме хиджаб кигіземін. Басқасы шешіп ала ма, шешіндіре ме, шатағым жоқ. Өзімдікіне кигіземін. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Арабтікі ме, басқаныкі ме, маған бәрібір. Кимеймін десе, чао деймін. Болашақ әйелімнің санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді», – деді әнші. 

Оның ойынша, әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, оны естіген күйеуі оны барып өлтіріп қойып жатыр екен. 

«Ер адам туғаннан бастап өлгенге дейін жауапкершілік алады. Ал үйленгеннен кейін екінші адам үшін де саған жауапкершілік жүктеледі, ақыретте екі адам үшін сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс... Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты», – дейді Ұланғасыр Қами.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік