Құтқарушыларға үстемеақы төлеу қағидалары жаңартылды
Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен апаттан құтқару қызметкерлерінің сыныптылығына қарай үстемеақы төлеу қағидалары өзгертілді.
Алматы, NEGE. Үстемеақы кезеңдік аттестациядан өткен және сыныптылық берілген, сондай-ақ кезектен тыс, қайта немесе жоспарлы аттестацияны растаған құтқарушыларға төленеді. Үстемеақы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының немесе апаттық-құтқару қызметі басшысының бұйрығы арқылы тағайындалады.
«Егер құтқарушы аттестациядан өтпесе, үстемеақы төлеу тоқтатылады. Төлем тек қайта аттестациядан сәтті өткеннен және сыныптылығын растағаннан кейін ғана қайта беріледі. Сыныптылықты жоғалтқан немесе қайталау аттестацияны растамаған жағдайда үстемеақы төлеу тоқтатылады», – делінген құжатта.
Үстемеақы төлемін тағайындау, тоқтата тұру және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес реттеледі.
Бұйрық 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазір оқып жатыр
Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін
Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады
Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?
Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр