USD
USD
USD

Құтқарушылар жолда қалған адамдарды эвакуациялауда

Қостанай облысының аумағында 2023 жылғы 8 наурызда дауылды ескерту жарияланды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты тас жолдарда авариялық-құтқару операциялары жүргізілді.

Құтқарушылар жолда қалған адамдарды эвакуациялауда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2023 жылғы 9 наурыз күні 04:10-да Қарасу ауданындағы облыстық маңызы бар «Қарасу-Большая Чураковка» автожолының жабық учаскесінің 10 шақырымында ТЖД күшімен жеке құрамның 2 адамы бар КУНГ арнайы техникасымен қар құрсауынан 2 жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді. 6 адам құтқарылды, оның ішінде 3-еуі бала. Адамдарға медициналық көмек қажет болмады.  

Дәл сол күні сағат 05:15-те Алтынсарин ауданының ТЖ бөліміне Щербаков ауылынан 5 шақырым жерде аудандық маңызы бар автожолда ауа райының қолайсыздығынан 12 жолаушысы бар 4 автокөлік жолда тұрып қалғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар келіп, жолаушыларды жол талғамайтын УАЗ көлігіне тиеді. Құтқарылған азаматтар Щербаков орта мектебінің жылыту пунктіне аман-есен жеткізілді.

2023 жылғы 9 наурызда сағат 06:05-те Меңдіқара ауданындағы аудандық маңызы бар автожолда Каскат ауылынан 7 шақырым қашықтықта ТЖД күштерімен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қар құрсауынан 3 адам құтқарылды. Жолаушылары бар жеңіл автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, Ломоносов ауылдық округінің әкімдігінің жылыту пунктіне алып барды.

Бұдан бұрын 8 наурыз күні сағат 16:20-да Амангелді ауданында өтімділігі жоғары Нива-БРОНТО техникасымен құтқарушылар апатты электр беру желісінің үзілу авариясын жою мақсатында Амангелді АЭЖ қызметкерлері бригадасын жеткізу үшін Қарынсалды ауылына барды.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп