USD
USD
USD

Құтқарушылар су тасқыны салдарынан екі адамның көз жұмғанын жоққа шығарды

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны салдарынан екі адамның көз жұмғаны туралы мәлімдеген блогердің сөзін жоққа шығарды деп хабарлайды ҚазТАГ.

Құтқарушылар су тасқыны салдарынан екі адамның көз жұмғанын жоққа шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өз жауаптарында құтқарушылар жағдайдың қазіргі уақытта тұрақталғанын мәлімдеді. 

Жедел штаб деректеріне сәйкес қазір Бөрлі ауданында жағдай тұрақталған, ал тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Су тасқынынан зақымдалған үйлердің санын комиссия есептеп жатыр екен. 

Әлеуметтік желіде тараған видео 10-14 наурыз аралығында, су тасқыны басталған кезде түсірілген. Сондай-ақ ведомство өкілдері жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылатынын қосып өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін блогер Есентай Ниязбаев Ақсай қаласы мен бірнеше елдімекенде 180 үйді су басқанын хабарлаған еді. Оның сөзінше, тасқын салдарынан аймақта екі адам көз жұмған. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе