USD
USD
USD

Құтқарушылар арасында ҚЧ басталды

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Өскеменде басталған құтқарушылар арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатына қатысты.

Құтқарушылар арасында ҚЧ басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты басталды. Оның салтанатты түрде ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысты.

«Бұл департамент пен министрлік ұжымы үшін тарихи оқиға. Қатысушыларды құттықтай отырып, сәттілік тілеймін. Баршамыздың Отан алдындағы парызымызды абыроймен орындауымызға тілектеспін», - деді министр.

Чемпионат 3 күн өтеді. Онда республиканың барлық аймақтарынан 19 команда бақ сынайды.

Қатысушылар кедергілермен жүз метрге жүгіру, мұнараның 4-қабатының терезесіне сатымен көтерілу бойынша сайысқа түседі. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамалары жарыспақ.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты өтетіндігін хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық