USD
USD
USD

Құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Үш күнге созылған жарыс тартысқа толы болды.

Республиканың барлық аймақтарынан 19 команда бақ сынасты. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамалары кедергілермен жүз метрге жүгіру, мұнараның 4-қабатының терезесіне сатымен көтерілу бойынша сайысқа түсті.

«Жарыстың сәні әйелдер командалары болды. Әсіресе, Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан Қостанай қаласынан келген Айнұр Бажеваның көрсеткіші талайды таңқалдырды. Алдымен Айнұр кедергілермен жүз метрді 17,36 секундта жүгіріп өтті. Содан кейін 17,21 және шешуші сәтте межені 16,97 секундта бағындырды», – делінген ақпаратта.

Қорытындылайтын болсақ, ерлер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі:

1 орын - Атырау облысы, 2 орын – Нұр-Сұлтан қаласы, 3 орын - Маңғыстау облысы.

Әйелдер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі:

1 орын - Нұр-Сұлтан қаласы, 2 орын - Түркістан облысы, 3 орын - Ақмола облысы.

Жасөспірімдер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі: 1 орын - Шығыс Қазақстан облысы, 2 орын - Ақтөбе облысы, 3 орын – Батыс Қазақстан облысы.

Қазір оқып жатыр

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Мәдениет және ақпарат министрі

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Экология және табиғи ресурстар министрі

Мұрат Мұханов төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ

Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлердің көбі өз орнында қалды

үкімет