USD
USD
USD

Құтқарушылар алматылықтарға үндеу жолдады

Ауа райының суытуына байланысты Алматы ТЖД өрт және түтіннен улану оқиғаларының алдын алуға шақырды. 

Құтқарушылар алматылықтарға үндеу жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері тұрмыста газ жабдығын пайдалану кезінде 28 жазатайым оқиға тіркелген. Газ-ауа қоспасының жарылуына байланысты 11 жағдай тіркеліп, салдарынан 6 адамды күйік шалған.

ТЖД мәліметінше, Алматыда қатты отынмен жылытылатын 1 646 үй және 13 көп пәтерлі үй мен тұрмыста газ баллондары қолданылатын 312 көп пәтерлі тұрғын үй бар. Оқиғаларға жүргізілген талдау өрттің, жарылыстың және адамдардың улы газбен улануының 60%-ы жылыту құрылдары мен газ жабдығын пайдалану кезінде болатынын көрсетті. Көп жағдайда зардап шеккендердің өздерінің немқұрайлы қарым-қатынасынан болған.

Тұрғындар мұржалардағы бітелуді бақыламайды, мұржаны дұрыс қоспайды, сондықтан оның тұтастығы бұзылады. Газ плиталарын қараусыз қалдырған жағдайлар болды. Жазатайым оқиғалардың тағы 40%-ы газдың шығуы, резеңке түтіктің тозуы, газ баллондарының дұрыс сақталмауы салдарынан орын алады.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі