USD
USD
USD

Құтқарушылар Жамбыл облысындағы зілзаланың салдарын көрсетті

Жамбыл облысында зілзаладан кейінгі жағдайды зерттеу үшін үкіметтік топ құрылды.

Жер сілкінісі
Фото: ТЖМ

Алматы, NEG. Қазір Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев бастаған жұмыс тобы аймақтағы апат салдарын бағалап, қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.

Екінші күні мамандар Меркі және Т. Рысқұлов аудандарын аралап, арнайы комиссиялардың есептерін тыңдады. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков тұрғын үйлер мен нысандардың зақымдану деңгейі туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев өңірдегі сейсмологиялық станциялар мен датчиктердің жұмысы жайлы ақпарат берді. Бұл құрылғылар жер асты дүмпулерін тіркеп, сейсмикалық белсенділікті талдауға көмектеседі, осылайша болашақ тәуекелдерді уақтылы бағалауға мүмкіндік береді.

Қазір аймақтағы жағдай тұрақты, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істеуде. Мамандар залалды бағалау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қабылдауды жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев