USD
USD
USD

Құтқарушылар Ертіс өзеніне батып кеткен көлікті эхолоттың көмегімен тапты

Семейде Ертіс өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары эхолоттың көмегімен суға батқан көлікті тапты, деп хабарлайды ТЖМ.

Эхолот
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Іздеу операциясына ведомствоның 100-ден астам қызметкері жұмылдырылған.

Бүгін таңғы сағат 06:00-де Семей қаласында, Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлік бетон қоршауға соқтығысып, өзенге құлап кетті.

Апат кезінде салонда 4 адам болған. ТЖМ мәліметіне сәйкес, жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп жеткен. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін бірден оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Сағат 09:00-де іздеу тобы бір қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты. Ол одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына берілді.

Қазір оқып жатыр

Уәде етілген сомадан аз ақша берген: Алматыда криптонесиеге қатысты алаяқтық дерегі тексерілуде

Алаяқтық

Тоқаев «Ғаламат жұт шежіресі» еңбегінің авторын І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Валерий Михайлов

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды

Қазақстан құрамасы

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.