26 Қаңтар 13:25
...

«Күштік құрылымдар өз президентін билікке әкелгісі келеді» – Михаил Козачков

Фото:

Тергеу абақтысында жатқан журналист Михаил Козачков қауіп туралы ескерту жасады, деп хабарлады Вадим Борейко «Гиперборей» Ютуб-арнасында.

Алматы, NEGE. «Сәрсенбі, қаңтардың 25-і күні кешкі бес жарымдар шамасында маған желтоқсанның 21-інен бері абақтыда отырған журналист Михаил Козачковтың адвокаты Мұрат Адам қоңырау шалды. Ол Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің хатына байланысты қорғауындағы журналистпен кездесуге рұқсат бермегенін айтты. Олар басшылыққа алып отырған хаттың мәтіні адвокатқа көрсетілмеген. Қорғаушының айтуынша, бұл журналистің қамауда өткен бір айдан астам уақыт ішінде бірінші рет болып отырған жағдай», - дейді Вадим Борейко.

Мұрат Адам Вадим Борейкоға тергеу изоляторының дәлізінде отырып, ZOOM арқылы сұхбат берген. 

Михаил Козачков камерадан хат жолдаған. Ютуб-арнада хатта не жазылғаны айтылды. 

«Бүгін мен мүлдем күтпеген жағдай болды. Қорғауымдағы журналист Михаил Козачковпен кездесуге келген болатынмын. Ол сағат 16.00 шамасы еді. Сол уақыттан бері мені оған өткізбей жатыр. Олар Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің хатын басшылыққа алып отыр. Хатта Михаил Козачковпен ешкім кездеспесін деген нұсқаулық бар деді. Мен олардан хатты көрсетіп, мәтінімен таныстыруды сұрадым. Өкінішке қарай, олар маған оны көрсетпеді. Мен бұл жағдайды  адвокаттың қызметіне заңсыз кедергі келтіру деп есептеймін. Мұндай жағдайда кедергі келтіргендерді ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес жазаға тартуға болады. Мен қазір полиция шақырып қойдым. Адвокаттың қызметіне заңсыз кедергі келтіру фактісі бойынша өз құқығымды қорғағым келеді. Өйткені мен 2 сағаттан бері қорғауымдағы журналист Михаил Козачковпен кездесе алмай отырмын. Менде қорғаушы ретінде барлық заңды құжаттар бар. Оның барлығын көрсете де аламын. Соған қарамастан олар мені кездесуге кіргізбей отыр. Аталған іс бойынша тексеру жүргізіп жатқан тергеушімен дереу байланысқа шықтым. Одан осы жағдайдың мән-жайын сұрамақшы болғанмын. Оның айтуынша, олар мұндай шешім шығармаған. Адвокатты қорғаушымен кездестірмеу туралы бұйрық шығармаған. Бірақ мен кіре алмай отырмын. Жағдай осы», - деді Мұрат Адам ZOOM арқылы берген сұхбатында. 

Мұрат Адамның Вадим Борейкомен сұхбатынан кейін сағат 17:40 шамасында адвокатты журналистпен кездесуге кіргізген. 

Михаил Козачков жақында "Дневник Арестанта" телеграм каналын жүргізе бастаған. Әлбетте тергеу абақтысында оның қолында ешқандай да смартфон, не болмаса компьютер, ноутбук жоқ. Каналды жүргізуге оған жақындары көмектесіп жатыр. 

«Бәріне сәлем. Бұл Козачков. Мен қазір саяси тұтқынмын.

Достар, өздеріңіз білесіздер, мен өз өмірімді кәсіби журналистік қызметімсіз елестете алмаймын, яғни мен оны қалай болса да жалғастырамын.

Telegram-арнама кіре алмағандықтан, мен өз ойымды немесе тергеу туралы ақпаратты, қорытындыны немесе халықтың ақпаратын осында жариялаймын», - деп жазған болатын жаңа каналдағы алғашқы жазбасында. 

Бірнеше күн бұрын Михаил Козачков Вадим Борейкоға өз қолымен хат жазған. Вадим Борейко Ютубтағы бағдарламада хаттың мәтінін оқып берді. 

«Вадим Николаевич, сәлеметсіз бе? Сізді мазалап тұрған Михаил Козачков. Мен Сізді жалықтырып жібермеген шығармын деп үміттенемін. Соңғы кездері журналистерге ашық қауіп төніп жатқанын естіп жатырмын. Мен журналистер бойынша күштік құрылымдардың бір бөлімі жұмыс істеп жатқаны анық деп білемін. Мен бостандықта болғанда журналистердің жұмысына жауап беретін телеграм-каналдың жұмыс істеп жатқаны туралы нұсқаны естіген болатынмын», - деп жазған Козачков. 

Козачков хатында өзіне жасалған қастандықар жайында айтқан.

«Олар біз туралы барлығын білетіндігінің дәлелі ретінде балаларымыздың құжаттарын, анализдері мен суреттерін жіберді. Мен полицияға шағым түсірдім. Бірақ ешкімді таппады. Ең қызығы, полиция менің көлігімді Сергек жүйесі арқылы аңдығанын анықтады. Ол Антикордың қызметкері болуы мүмкін немесе біреу жүйеге кіру үшін флешканы пайдаланған. Бәрібір кінәлілерден жауап алынған жоқ. Сол себепті журанлистерді аңдып жүргендерді анықтауға органдар қызығып отырған жоқ. Бұл жерде қылмыс болғаны анық. Бірақ ешкім жауапқа тартылған жоқ», - деді Михаил Козачков.

Козачковтың айтуынша, бұдан былай журналистерге түсірілетін қысым артады. 

«Мен былтыр жыл бойы күштік құрылымдардың шеттен шығып жатқанын ескерткен болатынмын. Бұрын олар «барып кел, шауып келдің» адамдары болатын. Қазір олар «Елбасымен» қатысы барларды түрмеге тығып жатыр. Олардың жолында тек журналистер кедергі болып тұр. Олар ақапарат кеңістігін тазалайды, көнбегендерді қорқытады, түрмеге қамайды. Содан кейін олар билікке өз президенттерін алып келеді. Біз бірнеше жылдан кейін елді соғысқа итермелейтінін байқамай да қаламыз. Мысалы, Қырғызстандағы жағдай. Не айтатыны бар, ол осы жағдайдың анық мысалы емес пе? Әріптестеріме күш-жігер тілеймін», - деп жазады Козачков. 

Журналист Михаил Козачков  Вадим Борейкоға жазған хатында осындай деректерді алға тартып, өзі ойын білдірді. 

Тегтер: