USD
USD
USD

 Құс тұмауы: шаруаларға 400 миллион теңге өтемақы төленеді

Құстары қырылған фермерлерге 390 миллион теңге өтемақы төленеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты.

 Құс тұмауы: шаруаларға 400 миллион теңге өтемақы төленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд қырылған құстарға байланысты өтемақы төлеуді жүзеге асыратын ресми ұйым болып саналады. Жыл бойы барлық әкімдікте арнайы құрылған комиссия жұмыс істейді. Олар өлген малдың немесе құстың нарықтағы орташа бағасын анықтайды», – деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, әкімдіктердің шешімі негізінде республикалық эпизоотиялық отряд өңірдің ветеринариялық қызметінен барлық қажетті материалды қабылдайды. Құс етінің нарықтағы орташа бағасын ескеріледі. Осының негізінде құсы өлген әрбір тұрғының жеке шотына төлем жасалынады.

«Егер құжаттар дұрыс толтырылса, онда төлем 3 күннің ішінде түседі. Бүгінгі таңда республикалық эпизоотияға қарсы жасақта шамамен 390 миллион теңге бар. Бұл ақща қырылған құстардың иелеріне өтемақы ретінде төленеді», – деді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті