Құс тұмауы өршіп барады
Бүгінгі күнге дейін СҚО-да 11 мыңнан астам үй құсы қырылып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE Абырой болғанда адамға жұғу фактісі тіркелген жоқ. Қызылжар ауданына қарасты Якорь ауылының халқы негізінен құс өсірумен айналысады. Өткен аптадан бері тұрғындар үрейлі. Себебі осы жерден құс тұмауының ошағы табылды. Яғни құстар қазір мыңдап қырылып жатыр. Демалыс күндері залалсыздандыру жұмыстары басталды. Яғни ветеринарлар арнайы ерітінді сеуіп өлекселерді жинауды бастады. Енді ол арнайы орында өртелетін болады. Аталған жағдайға байланысты облыс әкімінің қаулысымен әзірге 11 елді мекенде карантин жарияланды. Бүгіннен бастап тағы алтауын жабылмақ. Дегенмен ауылдарға кіріп-шығу әлі шектелген жоқ. Яғни блок-бекеттер орнатылмады. Көліктер қазір емін-еркін қатынап жүр.
– Құстар өліп жатыр. Жүздеп, тіпті мыңдап қырылып қалды. Оның үстіне халық етті қайда өткізерлерін білмей дал. Әзірге ауыл карантинге жабылған жоқ. Ешқандай бекет те қойылмады. Көліктерді де тексеріп жатқан ешкім жоқ, дейді Якорь ауылының тұрғыны Евгений Твердохлебов.
Өткен аптада жағдайды бақылау үшін өңірге ауыл шаруашылығы министрілігінің өкілдері келді. Солтүстік Қазақстанға 873 мың доза вакцина әкелінген екен. Және ол отандық. Отарда жасалынған. Енді сәтін салса, вакцинациялау жұмыстары құс тұмауы табылған ауылдардан 20 шақырым радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жүргізілетін болады. Жалпы Солтүстік Қазақстанда 5 құс фабрикасы бар. Солардың 3-і осы Якорь ауылында орналасқан. Әзірге онда не болып жатқаны белгісіз. Жергілікті тұрғындардың мәліметше, қызметкерлер уақытша демалысқа жіберген.
Қазір оқып жатыр
«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі
Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды
Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды