USD
USD
USD

Құс өсірушілер одағы: Бір айда құс тұмауының эпизоотиясы толық тоқталады

Елімізде

Құс өсірушілер одағы: Бір айда құс тұмауының эпизоотиясы толық тоқталады
Фото: NEGE.kz

бір айда құс тұмауының эпизоотиясы толық тоқталады, деп санайды «Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ президенті Руслан Шарипов.
Алматы, NEGE. «Сіздер өздеріңіз білесіздер, қазір түн салқын, ал күн жылынса және қар жауатын болса вирус өледі. 40 градустен 70 градуске дейін қайнатқанда да вирус өледі. Сондықтан, шамамен бір ай ішінде, ауру толық жойылады деп ойлаймын», - деді Шарипов сейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, құс тұмауынан құстардың қырылуы жалпы 46 млн бастың 0,9%-ын құрады. Шариповтың айтуынша, бройлерлер шаруашылығында құс тұмауы тіркелмеді, ауру жалпы туатын тауықтар арасында тіркелген.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте ҚазТАГ ХАА Солтүстік Қазақстан облысы бірқатар елді-мекенінде үй құстарының қырылу дерегінің тіркелгенін хабарлаған еді. Қазақстан бұл жағдай туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына хабарлады. Ауыл шаруашылығы министрлігінде СҚО-дағы құстардың қырылуынан орын алған шығындарға өтемақы төлеуге уәде берді, сонымен қатар өңірге құс тұмауын жабайы ұшып келген құстар әкелуі мүмкін деген нұсқаларын да айтты.
21 қыркүйекте АШМ мәлімдегендей, құстардың қырылуы Қазақстанның бес облысында тіркелген.
1 қазанда ауыл шаруашылықмині Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Шымкентте, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында құс өлімінің азайғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей