USD
USD
USD

Құрсай шағынауданы тұрғындарының мәселелері шешімін тапты

Қала әкімінің онлайн қабылдауында Абай ауданы Құрсай шағынауданының тұрғындары мәселелерін жеткізген болатын. Балнұр Сапарова Әулие-Көл көшесіне шағал тас төсеу және автобус бағытын ұзартуды өтінген-ді.

Құрсай шағынауданы тұрғындарының мәселелері шешімін тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. М.Әйтенов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысына тұрғындар өтінішін заң аясында жедел шешуді тапсырған болатын. Нәтижесінде, елді мекенде тиісті жұмыстар жүргізіліп, 10 күн ішінде мәселелері шешімін тапты.

№ 56 автобус бағыты «Жібек жолы базары» аялдамасына дейін ұзартылды. Қазір кешенді схема бойынша №21, №56 және № 96 бағыттары қала орталықтарына, базар аумақтарына дейін жеткізуде.

Сонымен қатар, шағынауданда жалпы ұзындығы 1,7 шақырым Әулие-Көл көшесіне шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Ауа-райына байланысты бұл мәселе әлеуметтік желіде де талқыланды. Тиісті жұмыстар атқарылуда. Тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе