USD
USD
USD

Курорттар жұмысын қайта бастайды

Павлодар бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы 14 тамызда түн ортасында күшіне енеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Курорттар жұмысын қайта бастайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Санитарлық-дезинфекциялық режимнің күшейтілген режимін, әлеуметтік қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, қуаттылығы 50%-дан аспайтын санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілердің, туристік базалардың демалыс үйлерінің және басқалардың жұмысы қайта басталсын», – делінген Павлодар облысының бас дәрігері Батырбек Әлиевтің қаулысында.

Сондай-ақ, құжат туристік нысандардағы жағажайлардың жұмыс істеуіне мүмкіндік береді: қонақ үйлер, санаторийлер, пансионаттар, демалыс үйлері және туристік базалар алдын-ала жазылу бойынша 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс і стейді Бұл жағдайда жағажайда демалушылар арасындағы қашықтық төрт метрден кем болмауы керек.

Екі апта ішінде мамандар мониторинг жүргізеді, егер карантиндік шаралар сақталмаса, бұл рұқсаттар қайтарылып алынады. Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінде нақтылағандай, қала жағажайлары, соның ішінде Павлодар жағалауы жұмыс істемейді.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны