Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Құрманбектің қонжықтары дүниеге келді

Зообағымыздағы Тянь-Шань ақ тырнақты аюлары – Герда мен Құрманбектің жұбында екі жаңа төл өмірге келді, деп хабарлады Алматы зообағының баспасөз қызметі. 

Құрманбек
Фото: Алматы зообағы

Алматы, NEGE. Зообақтың мәліметінше, олар өткен жылы 19 желтоқсанында жарық дүние есігін ашқан. Қазір қонжықтардың жағдайы жақсы.

«Кішкентай аюлардың анасы – Герданың да денсаулығы жақсы. Ол осымен үшінші рет өмірге ұрпақ әкеліп отыр.
Герда бұған дейін 2017 және 2021 жылы төлдеп, баршамызды қуантқан болатын. Ол кезде оларға біздің парақшамызға жазылған өздеріңіз ат қойған болатынсыздар», – деп бөлісті зообақ қызметкерлері. 

Жаңа туған қонжықтар әзірге анасының қасында.

«Қонжықтардың жыныстарын анықтағаннан кейін біз оларға ат қоюға байқау жариялайтын боламыз. Қонжықтар жарты жылға дейін анасының сүтімен қоректенеді. Қазір Гердаға лайықты мөлшерде азық берілуде. Оның сүйікті қорегінің ішінде – жеміс-жидек, ет, балық, ботқа, нан, жарма, түрлі витаминдер бар. Қазіргі уақытта Герда қонжықтарымен бірге өзінің апан-үйшігінде. Ол кішкентай аюларды қызметкерлерге де көрсеткісі келмей, бауырына басуда», – делінген хабарламада.

Күн жылына бастағанда және қонжықтар кішкене өсіп-жетілгенде Герда оларды даладағы қоршауға шығаратын болады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын таяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жаңа некесіне қатысты пікір білдірді

Әділет Зейнел