USD
USD
USD

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» екінші кездесуінде де жеңіліп қалды

«Барыс» бүгін, 5 қыркүйекте құрлықтық хоккей лигасындағы екінші ойынында елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына жол берді.

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» екінші кездесуінде де жеңіліп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетелік, елордалық клуб аталған командамен өткізген соңғы екі кездесуде есе жіберіп қойды. Сол сәтсіздік бүгін де жалғасты. Алдымен есепті «Барыс» командасы ашты. Елордалық хоккейші Якоб Лилья 41-минутта мергендік танытты. Одан кейін «Барыс» өзінің қақпасына екі шайба жіберіп алды.

Ойынның 45-минутында ресейлік Максим Карпов таразы басын теңестірсе, оның әріптесі Андрей Чибисов 58-минутта жеңіс шайбасын соқты. Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Енді қазақстандық команда 8 қыркүйекте елордада Ресейдің «Амур» клубын қабылдайды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков