Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Құрылтай сайлауында ел тұрғындарының жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

Орталық сайлау комиссиясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректер негізінде 14.00-ге дейін қанша адам дауыс бергені жөнінде мәлімет жариялады.

Құрылтай сайлауы
Фото: qazaly.kz

Астана, NEGE. Ресми дерекке сәйкес, қазіргі уақытқа дейін 6 696 002 адам немесе тізімге енгізілген жалпы сайлаушылардың 53,12%-ы сайлауда дауыс беріп үлгерген. Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Белсенділік жағынан Қызылорда облысы (64,22%) әлі де көш басында тұр. Сыр өңірінен кейін Абай (63,07%) және Жетісу облыстарының (62,89%) тұрғындары сайлауда дауыс беру жағынан белсенділік танытуда. Ал Алматы қаласында тізімге алынған сайлаушылардың 30 пайыздан астамы ғана дауыс берген.

Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші:

1. Астана қаласы бойынша – 40,92%.
2. Абай облысы бойынша – 63,07%.
3. Ақмола облысы бойынша – 61,15%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 60,87%.
5. Алматы облысы бойынша – 54,57%.
6. Атырау облысы бойынша – 54,49%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,21%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 50,58%.
9. Жетісу облысы бойынша – 62,89%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 62,79%.
11. Қостанай облысы бойынша – 55,86%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 64,22%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 50,65%.
14. Павлодар облысы бойынша – 54,01%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,63%.
16. Түркістан облысы бойынша – 57,72%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 53,31%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,10%.
19. Алматы қаласы бойынша – 30,36%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 55,32%.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы жөніндегі келесі ақпарат сағат 16.00-де жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі

Иорданиялық бақылаушы: Қазақстанның сайлауды ұйымдастыру тәжірибесі шынайы қызығушылық тудырады

Бушра Абу Шухут

«Чарли Чаплин» Құрылтай сайлауында дауыс берді

Чарли Чаплин

Нұрсұлтан Назарбаев бел омыртқасына ота жасатқан

Құрылтай сайлауы