USD
USD
USD

Құрылтай сайлауы мінсіз ұйымдастырылды – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлауды ұйымдастыру жұмысына баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президенттің пікірінше, сайлау кезінде байқаушылар мен Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тиімді жұмыс істеді.

«Кеше ғана тарихымызда тұңғыш рет Құрылтай сайлауы өтті. Бұл сайлау сәтті, мінсіз ұйымдастырылды деп айтсақ, қате болмас. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бүкіл халқымызға азаматтық кемелдік танытып, жаңару стратегиямызды қолдағаны үшін мың да бір алғысымды айтамын. Сайлау кезінде бір топ байқаушылар, соның ішінде халықаралық байқаушылар өте тиімді жұмыс істеді. Оларға да зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне рахметімді айтамын. Олар өте табанды қызмет атқарды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. ОСК мәліметінше, бес пайыздық межеден бес партия өткен. Атап айтқанда, «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол», ЖСДП. Ал Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ»  бұл межеден аз дауыс жинады.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы