Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Құрылтай сайлауы-2026: сайлау учаскелерінде кезек ұлғайып, қазақстандықтар креатив танытуда

Таңсәріден басталған сайлаушылар легі кей өңірлердегі жауын-шашынға қарамастан, толастар емес. Уақыт өткен сайын дауыс беруге келушілер қатары артып келеді.

Құрылтай сайлауы
Фото: Gov

Астана, NEGE. Қостанай облысында спортшылар дауыс беруге шаңғыроллермен келсе, Қызылордада сайлауға қатысушылар арасында бүгін алғаш рет дауыс беріп жатқан 18 жастағы түлектер де бар.

Сайлау күні біртіндеп үлкен жалпыұлттық оқиғаның сипатына еніп келеді. Шымкенттегі №360 сайлау учаскесіне «Әжелер» ансамблінің мүшелері ұлттық киім киіп, ақ жаулық тағып келді. Атырауда сайлаушыларды «90-жылдарды еске алып» атты фотозона қарсы алса, учаскелерде музыка ойнап, өнерпаздар өнер көрсетуде.

Құрылтай сайлауы
Gov

Дауыс берушілердің бірі ондағы көңіл күйді: «Президентті қарсы алғандай қарсы алып жатыр», – деп сипаттады.

Оралда дауыс беруге Төлеген мен Қыз Жібек те «келді». Жастар театрының актерлері әйгілі туынды кейіпкерлерінің образынан шықпастан өз таңдауларын жасауды жөн көрген.

Құрылтай сайлауы
Сайлаудан сурет

Ақтөбеде сайлаушыларды гуманоид робот қол алысып қарсы алса, оның жанында робот-ит жүр.
Алматыда сайлау учаскелерінде «Месси» мен «Роналду» бой көрсетсе, Петропавл оған өз «Эрлинг Холандын» шығарды.

Маңғыстауда ұлттық киім киген садақшылар мен Атазаң есімді баланың әкесі дауыс берді. Өңірлердің бірінде тіпті Өрмекші адам да сайлау учаскесінен көрінді.

Ал Алматыда бұған дейін дауыс берген Құрылтай есімді азаматтың қатарына Абай облысындағы аттасы – 68 жастағы Құрылтай Әлімжанов қосылды.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева: Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенділігі жоғары

Аида Балаева

Құрылтай депутаттарын сайлауда ел тұрғындарының 17,96 %-ы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді

Құрылтай сайлауы

Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы институционалдық қайта жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды

Ерлан Қарин