Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты
7 қазанда өткен Құрылтай отырысында Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Астана, NEGE. Дауыс беру аяқталғаннан кейін Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай экс-депутатқа Құрылтай жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
Алайда Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату себебі және қандай жауапты қызметке тағайындалғаны ресми түрде хабарланған жоқ.
Татьяна Савельева 2016-2023 жылдары қаржы вице-министрі қызметін атқарды. 2023 жылғы 28 наурыз – 2026 жылғы 1 шілде аралығында AMANAT партиясының партиялық тізімі бойынша VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды. 2024 жылғы 14 ақпаннан бастап қаржы және бюджет комитетінің хатшысы, кейін төрайымы қызметін атқарды.
Ол 2026 жылғы 27 тамыздан бастап «Әділет» партиясынан Құрылтайдың I шақырылым депутаты атанды.
Савельева депутаттық қызметі кезінде негізінен мемлекеттік қарыз бен бюджет тапшылығы мәселелерін көтерді.