Құрылысы ұзаққа созылған нысандар қолданысқа қашан беріледі?
Жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған 20 нысан қолданысқа беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтып берді.
Алматы, NEGE. «Өткен жылдың басында қаламызда құрылысы созылған 53 нысан болды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 10 проблемалық нысанды аяқтадық. Биыл бұл сандар екі есеге артты, яғни жыл соңына дейін 20 проблемалық нысанды тапсырамыз. Яғни 52 нысанның 30-ын қолданысқа береміз. Бұл өте қиын жұмыс. Көп уақытымыз сот процестеріне, қаржы моделін құруға, жобалық-сметалық құжаттаманы, инженерлік желіні қалпына келтіруге жұмсалды», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Әкімнің айтуынша, әр нысан бойынша жеке жұмыс кестесі бекітілген. Мысал ретінде әкім «Территория комфорта-1» ТК құрылысы басталғанын атап өтті. «Бұл нысан бірнеше жылдан бері айтылып келді. Онда инвесторлармен келісімге келіп, қолдау көрсеттік. Олар өз қаражатына нысанды сүріп тастады және пандемияға қарамастан бұл жұмыстарды аяқтады. Құрылыс басталды», – деді А. Көлгінов.