7 Сәуір 15:41
...

Құрылыс материалдарының жартысы – импорт

Фото:
Қазақстан негізгі құрылыс материалдарының қажетті көлемінің жартысынан астамын импорттайды, деп мәлімдеді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Алматы. NEGE. «Бүгінгі күні тұрғын үй және өндірістік ғимараттар, инфрақұрылым құрылысы барысында құрылыс өнімдері нарығындағы негізгі материалдарға қажеттілік 669 млрд теңгені құрайды. 330 млрд теңгеге өнім өндіріліп жатыр, 339 млрд теңгеге өнім импортталады», - деді Өскенбаев сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, осы кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін импорттың үлесі 54 %-ға дейін төмендейді.
«Импортты алмастыру жұмысы аясында 33 жаңа жоба іске асырылып жатыр. Осы кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін импорттың үлесі 54 пайызға дейін, тұрғын үй құрылысында қазақстандық мазмұндағы құрылыс индустриясының өнімін қолдану 95%-ға дейін артады», - деді Өскенбаев.

Тегтер: