USD
USD
USD

Құрылыс қалдықтарын көшеге төккен тұрғындарға айыппұл салынды

Шымкент қаласының тазалығы басты назарда. Осыған орай Әл-Фараби ауданы аймағында құрылыстық және тұрмыстық қалдықтарды тастау бойынша рейд өтті.

Құрылыс қалдықтарын көшеге төккен тұрғындарға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аудан әкімі аппаратының мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесе А.Байтұрсынов, Қазиев, Айбергенов, М .Мәметова көшелеріне тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қатты қалдықтарды көше бойына төккен тұрғындарға 67 хаттама толтырылды.

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 1 692 хаттама толтырылды. Оның 1674-і ескерту, ал қалған 18 іске айыппұл салынған. Айыппұлдың жалпы соммасы - 554 230 теңгені құрайды, бүгінде 233 360 теңгесі өндірілген.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек