USD
USD
USD

Құрық ауылында жаңа су тұщыту зауыты іске қосылды

19 желтоқсан күні Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында тәулігіне 10 мың текше метр су өндіретін су тұщыту зауыты пайдалануға берілді. 

Маңғыстау облысы әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Аталған нысан Мемлекет басшысының су тапшылығын жою және ауылдық аумақтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылды.

Маңғыстау облысы әкімдігі
Маңғыстау облысы әкімдігі

Зауытты «Алёка» ЖШС жүзеге асырды. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын аумақта 50 ұңғымадан су алынады. Зауытта су тазартуға арналған құм сүзгілері, бетонды резервуарлар және тәулігіне 5 000 текше метрден су өндіре алатын екі осмос қондырғысы орнатылған.

Маңғыстау облысы әкімдігі
Маңғыстау облысы әкімдігі

Салтанатты шара барысында Нұрдәулет Қилыбай су тұщыту зауыты өңірдің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға және ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге зор үлес қосатынын айтты.

«Құрық ауылында іске қосылған су тұщыту зауыты – өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жоба. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып отыр. Аталған нысан халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да елді мекендерді таза ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады», – деді облыс әкімі.

Маңғыстау облысы әкімдігі
Маңғыстау облысы әкімдігі

Жоба аясында Құрық ауылы тәулігіне 4 000 текше метр ауыз сумен қамтылып, ал су көлемінің қалған бөлігі жылы жағажай бағытына, Ақтау қаласына және Мұнайлы ауданының Батыр ауылына жеткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Қанат Бозымбаев

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.