Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несиені өтеу мерзімін ұзарта алады
2023 жылғы 26 шілдеде Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жедел кеңесте Қазақстанның жекелеген өңірлеріндегі қалыптан тыс ыстық пен жауын-шашынның аздығына байланысты орнаған ахуалдың ауқымы мен мемлекеттік қолдаудың шаралары талқыланды.
Алматы, NEGE. «Бәйтерек» холдингі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға несие төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырады.
Биылдан бастап алғаш рет мал азығын жинауға жеңілдетілген бағамен дизель отынының қосымша көлемі бөлінетін болды. Ауыл шаруашылығындағы тәуекелдерді, соның ішінде құрғақшылықтың салдарын жою құралдарының бірі – егін мен ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру.
Ол мақсатта сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі субсидияланатын өсімдік және мал шаруашылығында 16 сақтандыру өнімі жұмыс істейді. Сақтандыру сыйлықақысы 1,6 млрд теңгені құрады, оның 1,3 млрд теңгесі субсидияланды. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға республикалық бюджеттен бөлінген 5,9 млрд теңге қаражаттың тек 2,4 млрд теңгесі ғана игерілді.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазагроқаржы» АҚ зардап шеккен шаруаларға несие төлеу мерзімін кейінге қалдыруға көмектесуі керек», — деді Серік Жұманғарин.
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ