USD
USD
USD

Күрестен Азия чемпионаты: Қазақстандық үш балуан алтынға таласады

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында тағы үш қазақстандық балуан финалға шықты.

Күрестен Азия чемпионаты: Қазақстандық үш балуан алтынға таласады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтар болсақ, еркін күрестен 74 келідегі Нұрғожа Қайпанов, 86 келідегі Азамат Дәулетбеков және 125 келідегі Әлішер Ерғали Азия чемпионатының алтыны үшін кілемге шығады. Қайпанов осымен үшінші рет Азия чемпионатының финалына жолдама алып отыр. Бұған дейін ол екі дүркін Азия чемпионы атанған еді. Нұрғожаның финалдағы қарсыласы - ирандық Йонес Алиакбар Эмамичогаей.

86 келідегі Азамат Дәулетбеков ақтық сында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, үнділік Дипак Пунияға қарсы шығады. Финалға дейін Азамат Өзбекстан және Қырғызстан балуандарынан басым түскен. 125 келідегі Әлішер Ерғали Түркменстан және Оңтүстік Корея спортшыларын ұтып, финалға өтті.

Алтын медаль үшін өтетін белдесуде Әлішерге ирандық Ядолла Мохэби қарсылас атанады. Ал Акбар Курбанов (61 келі) пен Әлішер Дәулембаев (92 келі) ширек финалда ұтылды. Олар Азия чемпионатының қола медаліне таласады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық

Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

Халықаралық планетаны көгалдандыру күні

Porsche көлігімен сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүрген астаналық 10 тәулікке қамалды

жылдамдықты асыру