USD
USD
USD

Күрестен әлем чемпионаты: 3 балуан жарысқа шығады

 Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бүгін, 17 қыркүйекте еркін күрестен үш балуан бозкілемге шығады.

Күрестен әлем чемпионаты: 3 балуан жарысқа шығады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүбірлі додада бүгін қазақстандық жанкүйерлер еліміздің құрамасынан үш балуанның белдесуін тамашалай алады. Олардың қатарында Асыл Айтақын (61 келі), Әділ Оспанов (65 келі) және Мамед Ибрагимов (97 келі) бар.Жарыстың аталған сатысындағы сайыстар елорда уақытымен 14:30-де басталады.

Айта кетсек, еркін күрестен 86 келі салмақта Азамат Дәулетбеков қола жүлде алды. Еске салсақ, бұдан бұрын әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова күміс жүлде алды. Сондай-ақ грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали қола жүлдегер атанды. 

Қазір оқып жатыр

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы