USD
USD
USD

Күрестен әлем чемпионаты: Қазақстандық қос балуан қола медальға таласады

Күрес түрлерінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде кезекті жеңімпаздар анықталады, деп жазады Olympic.kz.

Балуандар
Фото: Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Әйелдер күресінен тағы екі салмақ дәрежесінде спортшыларымыз қола медальға таласады.

Атап айтатын болсақ, 61 келідегі Жайдар Мұқат кіші финалда бақ сынайды. Оның қарсыласы - түркиялық Өзденур Өзмез.

Сонымен қатар, 46 келідегі Медина Қуанышбек те әлемдік доданың қола медалі үшін күреседі. Қазақ балуанының қарсыласы - украиналық Евгения Друзенко.

Естеріңізде болса, әйелдер күресінен екі балуанымыз аталған чемпионатта қола медаль жеңіп алған болатын. Анна Стратан (57 келі) мен Ұлдана Тілеухан (65 келі) үздіктер қатарына енді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков