USD
USD
USD

Күрестен әлем чемпионаты: Қазақстандық екі палуан финалға шықты

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Балуандар
Фото: UWW

Алматы, NEGE. Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері бақ сынауда. Бүгін кілемге шыққан балуандар арасынан екі қазақстандық балуан финалға шықты.

55 келі салмақта Алпамыс Болатұлы ақтық сынға жолдама алды. Іріктеуде ол Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңді. Алпамыстың финалдағы қарсыласы - америкалық Джейден Скотт Рэйни.

80 келідегі Еркебұлан Анапия да әлем чемпионатының финалында белдеседі. Ол жартылай финалда әзербайжандық балуаннан басым түсті. Анапияның финалдағы қарсыласы - нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкарин.

Сондай-ақ, 48 келідегі Едіге Төлеутаев қола медальға күреседі. Ол жартылай финалда ирандық балуанға жол берген.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады

Жақыпов, Отышниев

«Ақшаны қайтарыңдар»: Павлодар әкімдігі әлеуметтік төлемге қатысты түсініктеме берді

Мүгедек бала

Астанада чемодандардан долларлар шашылды

Астанада аулада шашылып жатқан доллар

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS