USD
USD
USD

Күре жолдың бойындағы дәмханалар мен жанармай құю бекеттері стандарттарға сай болуы керек – Премьер-министр

Олжас Бектенов жол бойындағы қызметтерді жақсартуды міндеттеді.

Олжас Бектенов
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. «Көлік, Сауда, Ұлттық экономика, Туризм министрліктері мен әкімдіктер жол бойындағы сервисті жақсарту жұмыстарын жалғастырсын. Күре жолдың бойындағы дәмханалар, жанармай құю бекеттері мен техникалық қызмет көрсету станциялары қабылданған стандарттарға сай болуы керек.

Сондай-ақ осы бизнесте жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ынталандыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл ретте туристердің қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылсын. Бүкіл инфрақұрылымға – әуежайлардан бастап қонақ үйлерге, сауда нүктелеріне, тамақтану орындарына, концерт алаңдарына дейін – қауіпсіздік пен жайлылық тұрғысынан ревизия жүргізілуі қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Туризм, Мәдениет, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктері, арнаулы мемлекеттік органдар алдына ауқымды мәдени, спорттық және туристік іс-шараларды өткізу кезінде барынша жәрдем көрсету міндеті қойылды.

«Оларды ұйымдастыру мен өткізу деңгейі экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, еліміздің имиджін нығайтып, инвесторлар мен туристер үшін тартымдылықты арттыра түседі»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков