USD
USD
USD

Күрделі диагнозы бар науқасқа жасанды жамбас қойылды

Науқас Алматының №7 қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл түрде ауыр жағдайда түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Күрделі диагнозы бар науқасқа жасанды жамбас қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. №7 ККА ұсақ жарақат бөлімінің меңгерушісі Рамазан Әскеровтың айтуынша, жарақат салдарынан протез ацетабулумның түбін тесіп, кіші жамбасқа қатты зақым келтірген. Науқас реанимацияға жатқызылды. Жағдай тұрақтанғаннан кейін ол бөлімшеге ауыстырылды, клиника басшылығының қатысуымен консилиум өткізілді.

"Бұл өте сирек кездеседі. Екі кезеңдік операциялық араласу туралы шешім қабылданды. Бірінші кезең – кіші жамбастан ішпердеден тыс қол жетімділіктен (іш арқылы) протез компоненті алынып тасталды. Содан кейін жағдайды жақсарту үшін екінші кезең ревизиялық эндопротезі қойылды. Бұл операциялық ортопедияның ауыр салаларының бірі, онда бұрын операция жасалған аймақта қайта араласу жасалады. Травматолог – ортопедтер мен анестезиолог-реаниматологтардың топтық жұмысының арқасында екі кезеңдік күрделі операция сәтті өтті", – дейді Рамазан Әскеров.

Науқас іс жүзінде екінші күні төсек жағдайында белсенді бола бастады және 3 күннен кейін арбаға сүйене отырып, дәлізде жүре бастады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар