Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Құрбандыққа шалынған мал етін қалай алуға болады?

Алматыда Құрбан айт күндері құрбандыққа шалынған етті мұқтаж жандарға жеткізіп беру ұйымдастырылады.

Құрбандыққа шалынған мал етін қалай алуға болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданы «Байкен» мешітінің Бас имамы Данияр Жұмабаев айтты.

Имамдар халықты жаппай мешітке бармауға шақырды.

«Биылғы жылы Құрбан айт дәстүрлі мерекесінің аясында карантиндік шектеу шараларына байланысты мешіттер жанында құрбандық шалынбайды және оның еті таратылмайды. Құрбандыққа шалынған етті алуға өтініш білдіргендерге мешітке келудің қажеті жоқ. Құрбандық еті арнайы құрылған штаб арқылы мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізіледі», - деді Данияр Жұмабаев.

Имам карантин талаптарын сақтау үшін Алматы қаласының мешіттерінде мерекелік Айт намазы оқылмайтынын айтты. Құрбандық шалуға өтініш беру және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға қалдырған өтініштерін алу Qurban2020.kz сайты арқылы 24 шілдеден 30 шілде аралығында жүргізіледі.

Осы уақытқа дейін 1305 адам ет алуға өтініш білдірген. 2 және 3 тамыз күндері құрбандыққа шалынған ет таратылады. Қосымша ақпаратты 8(700)7197622, 8(727)3976390 байланыс телефондары арқылы білуге болады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында бұрынғы жұбайын соққытаяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жаңа некесіне қатысты пікір білдірді

Әділет Зейнел

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірді деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

заңсыз алтын өндірісі

Қазақстан КҚК-ға жасалған шабуылдар салдарынан шамамен 700 млн доллар табыстан қағылды – сарапшы

Мұнай