USD
USD
USD

Құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайт жұмысын бастады

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай Qurban2020.kz сайтын іске қосты. 

Құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайт жұмысын бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайттың ашылатыны туралы хабарланған болатын. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады.

Сондай-ақ сайтта құрбан шалуға қатысты Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған сұрақ-жауап та бар. Құрбан шалуға онлайн түрде қалай тапсырыс беруге болатынын сайттың өзіне кіріп білуге болады. Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 31 шілде күні Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайтынын хабарлаған еді. «Еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», - деді Бас Мүфти Орталық коммуникациялар қызметінде. Сонымен қатар Бас мүфти онлайн шалынған құрбан еттерін мұқтаждарға таратуға волонтерлерді шақырды.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.