USD
USD
USD

Құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге арналған сайт іске қосылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосты.

Құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге арналған сайт іске қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін «Құрбан-2023» қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз. Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады.

Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті.

Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен уацап нөмірге жіберіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG