2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Құрбан айт мерекесінің датасы ауысты

Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, деп хабарлады ҚМДБ.

Құрбан айт
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұған дейін ҚМДБ ұсынған діни мерекелер күнтізбесінде де, Қазақстанның 2024 жылғы мерекелер күнтізбесінде де Құрбан айт мерекесі 17 маусымға белгіленген.

Құрбан айт датасының ауысуын ҚМДБ түсіндіріп берді. 

«Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29 күні айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді», – деп түсіндірді.

Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.

Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер