USD
USD
USD

Құранды өртегендердің артында Ресейдің арнайы қызметі тұр ма?

21 қаңтарда Швецияда түрік елшілігінің алдында Құранды өртегендердің артында Ресейдің арнайы қызметі тұруы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық саясаткер, журналист Сергей Дуванов әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Құранды өртегендердің артында Ресейдің арнайы қызметі тұр ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл істің егжей-тегжейі анықталып келеді. Акцияны даниялық Stram Kurs ("Қатаң бағыт") атты исламға қарсы партияның  көшбасшысы Расмус Палудан өткізген. Швед полициясы митингтегі ахуалды бақылап тұрды. Сондықтан исламның дұшпаны Құранды митинг біткен соң, елшіліктен сәл әрі барып өртеген», - дейді саясаткер.

Оның айтуынша, Швед билігі радикалдардың әркетін айыптап, тергеп-тексеріп жатыр. Бұл арандатушылыққа тікелей демеу көрсеткен швед журналисі Чанг Фрик екені анықталып отыр.

«Бұрын ол ресейлік үгіт-насихат құралы RT-да (Russia today) жұмыс істепті. Бұл жағдай акцияның артында Ресейдің арнайы қызметі тұр деп тұжырым жасауға негіз болмақ. Мұндай арандатушылық жасау Кремльге өте тиімді. Енді Түркия Швецияның НАТО-ға кіруін қолдамайтын болады. Бұл кезекті «қым-қуыт айлакерлік» деген пікір бар...», – деп топшылайды Сергей Дуванов.

Қазір оқып жатыр

Серік Сәпиев Астана халықаралық қаржы орталығында жеке компаниясын тіркеді

.

Құрылтайдың әр депутатына жылына 155 млн теңге жұмсалатыны рас па?

Құрылтай бюджеті

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін арттырмақ

Мұнай экспорты

Аз төлем қарызды өтеуге есептелмейді: FinKelisim ережелері өзгермек

Қарыз