15 Қазан 13:00
...

Құптарлық қайырымдылық! «Теңізшевройл» пандемия салдарынан тұралап қалған отандық компанияларға қол ұшын берді

Фото:

Коронавирус салдарынан болған карантин кезінде түрлі мердігер компаниялардан уақытша босап қалған 27 мың жұмысшының айлықтарын «Теңізшевройл» тоқтамай төлеп отырған.

Мұндай қолдау шарасы Қазақстанда бұған дейін болмаған еді. Және ТШО-ның мұнай алпауыттарының ішінен алғашқы болып осындай теңдесі жоқ шешім қабылдағанын айта кету керек.  Жұмыс істемей тұрғанына қарамастан, ТШО Теңізде жұмыс істейтін барлық мердігерлерге орташа жалақыны толық төлеп отыруға шешім қабылдады деп жазады, KazService.

Компаниялар жұмыс істемей тұрса да, ТШО тарапынан жасалған осы төлемдер шілдеге дейін тоқтаусыз жүрді. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарын сақтап, әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Көмек тіпті шілде айынан кейін де жалғасты. Шілдеден қазанға дейін ТШО мердігерге қызметкердің жалақысының 25% -на өтемақы төледі. Өз кезегінде мердігер компанияға босап қалған жұмыскердің жалақысының кем дегенде жартысын төлеп отыру бойынша талап қойды. Осылайша, ТШО мердігерлерді қызметкерлердің жағдайын жақсартуға ынталандырып отырған еді. Мердігерлер ол соманы төлей алмаған жағдайларда ТШО өз қалтасынан мердігерлердің барлық қызметкерлеріне ең төменгі жалақыны (42 500 теңге) төлеп отырды.

Фото: iagorod.kz

Бір ескертетіні, шығынның бәрі ТШОдан шықты. Бюджетке еш салмақ түскен жоқ. Нәтижесінде аймақтың экономикалық көрсеткіштері, батыс өңіріндегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайы өз деңгейінде сақталып қалды.

Тегтер: