USD
USD
USD

Құпия қалай құпия болмай қалды?

Нұр-Сұлтан

Құпия қалай құпия болмай қалды?
Фото: NEGE.kz

қаласының Есіл аудандық соты елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел уәкілі Бауыржан Керімбековтің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты сот үкімін жариялады. Тағылған айыпқа сай, сыбайлас жемқорлықпен күресуге міндетті маңызды тұлғаның өзі заңсыздыққы барып, оған сеніп тапсырылған тергеудегі қылмыстық іс өзге біреулердің қолына өтіп кеткен. Сондай фактілер редакция қоржынына түскен соң, біз Бас прокуратураға сауал жолдағанбыз. Арнайы прокурорлар қызметі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінің жедел уәкілі маңызды мәліметтің сыртқа шығып кетуіне кінәлі деп тапты. (Совершенно не секретно, «Время» газеті)

«Время» газеті 2018 жылдың күзінде басталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлеріне қатысты осы даулы істі, яғни, сол кездегі Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің үш қызметкері ұсталған кезден бері тынбай жазып келеді.

Кеден қызметкерлері контрабандашылардан пара алды деген күдікке ілініп, соның алдында ғана Ыстамбұлдан 6 келі алтын алып өткен контрабандашылармен сыбайлас болуы мүмкін екені айтылған. Кейіннен белгілі болғандай, пара алу фактісі де, декларацияланбаған зергерлік бұйымдарды елге заңсыз алып өту де... сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің уәкілдері өздері ұйымдастырғаны мәлім болды. Ұсталғандардың бәрі босатылып, сыбайлас жемқорлықпен күресушілерге қарсы сот іс қозғаған. Олардың ішінде жедел уәкіл Кәрімбеков те бар еді.

Осы тақырыпта біз бірнеше мақала жариялап, көптеген қолдау мен пікірге куә болдық. Ал 2019 жылдың қаңтар айында «Время» тілшісінің поштасына «құпия» белгісі соғылған бірнеше хат келіп түсті.

Хабарлама авторы бұл құжаттарды Ұлттық бюроның тергеушісі Керімбековтен алғанын мәлімдеп, оның өзі құқық қорғау органдарының бақылауында екенін жеткізген еді. Біз бұл қағаздарды терең зерттемес бұрын, Бас прокуратураға сауал жолдадық. Шындығын айтсақ, бұл шешім өзіміздің қауіпсіздік шарамыз еді, егер басылымның атын жамылған жалған журналистер осы мәліметті әлеуметтік желілерде немесе телеграм каналдарына жариялап жіберген болса, бізді мемлекеттік құпияны жариялады деп айыптауға болатын еді және бұл үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.

Нәтижесінде Бас прокуратура аса маңызды істер жөніндегі қызметкер Бауыржан Керімбековтің қылмыстық іс материалдарының жоғалуына қатысы барын анықтады. Оған мемлекеттік құпияны заңсыз жария етті (ҚК 185-бабының 3-бөлігі) және мемлекеттік құпияларды қамтитын ақпараттық тасымалдаушы құралды жоғалтты (186-баптың 2-бөлігі) деген айып тағылды. Есіл аудандық сотының 20 қаңтардағы үкіміне сәйкес, ол кінәлі деп танылып 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл ақпаратты бізге Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі де растап отыр.

Бұл үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ, сондықтан Керімбековтің жазасы жеңілдетілуі де мүмкін. Алайда, үш әріптесімен бірге Керімбековке қатысты «билігін асыра пайдалану, айғақтарды қасақана бұрмалау, көрінеу жалған мәлімет беру, азаптау және өзін-өзі өлтіру жағдайына дейін жеткізу» деген секілді тағылған айыптарға орай жаңа сот процесі басталады. Бәлкім, сол кезде оған кесілген жаза ауырлап кетуі де ғажап емес.

Михаил КОЗАЧКОВ, Алматы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.