USD
USD
USD

Құпия ерлік: Астанада белгісіз адам оңалту орталығының ауласын қардан тазалап кеткен

Астанада бейтаныс ер адам мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі оңалту орталығының ауласындағы қарды тазалап кеткен.

Астана
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Кім екені белгісіз құпия жанның бұл әрекеті көпшілікті тәнті етті. Орталық қызметкерлері аталмыш видеоны желіде жариялап, оған алғыс білдірді.

«Жай ғана тазалап қоймай, қардың бәрін мұқият шығарып, атын да атамай, алғыс та күтпей, үн-түнсіз кетіп қалды», – деп жазылған орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Астанадағы бұл орталық ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейді. Сонымен қатар мекеме ұжымында тек әйелдер қызмет етеді.

«Осындай сәттерде риясыз көмектің қаншалықты бағалы екенін ерекше сезінесің. Біз бейнебақылау камерасындағы жазбаны көріп, сізге шын жүректен алғыс айтқымыз келеді. Қамқорлығыңыз үшін. Адамгершілігіңіз үшін. Шабыт беретін үлгіңіз үшін», – делінген жазбада.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейсті жыл соңына дейін ашуды тапсырды

Нью-Йорк

Көлік министрлігі ішкі әуе рейстерін қосылған құн салығынан босатуды ұсынды

Ұшақ апаты

СҚО-да ауыл әкімі көз жұмды: полиция суицид дерегін растады

Ерлан Смаилов

LRT вагондарын бүлдіргендер 13 млн теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін

ЛРТ