USD
USD
USD

Құны $576 млн болатын Қытаймен бірлескен 7 инвестициялық жоба аяқталмақ

Қазақстан мен Қытай

Құны $576 млн болатын Қытаймен бірлескен 7 инвестициялық жоба аяқталмақ
Фото: NEGE.kz

құны 576 млн. АҚШ доллары болатын 7 бірлескен инвестициялық жобаны аяқтау жөніндегі жоспарларды растады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров пен ҚХР Реформалар және даму жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичженің төрағалығымен индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 18-ші отырысы өтті», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, отырыста инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Олардың табысты жүзеге асуына көмек көрсету және туындаған мәселелерді шешу жөнінде пікір алмасылды.
«Жүк тасымалы мен шекарадан өтуге байланысты мәселелерді жедел шешу, сондай-ақ жобаларды аяқтау үшін қажетті жабдықтарды уақтылы жеткізу бойынша нақты шаралар келісілді. Тараптар түрлі салаларда жалпы сомасы 576 млн. АҚШ доллары болатын 7 бірлескен инвестициялық жобаны аяқтау жөніндегі жоспарларды растады. Осы жобалар іске қосылғаннан кейін 647 жұмыс орнын құру жоспарлануда», - делінген хабарда.
Қатысушылар COVID-19 жаһандық пандемиясымен күрес аясында гуманитарлық көмек көрсеткені үшін өзара алғыстарын білдірді. Екі ел аумағында эпидемия деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың тиімділігі атап өтілді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған