USD
USD
USD

Құны 1 млн теңгеден астам кабель ұрланды

Елордалық полициялар құны 1 млн теңгеден асатын кабельді ұрлаған күдіктілердің суреттерін жариялады.

Құны 1 млн теңгеден астам кабель ұрланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «21 желтоқсан күні әскери полицей мен қалалық полицейлердің бірлескен патрульдеуі барысында таңғы сағат 05:00-дер шамасында Тельман тұрғын алабында күдікке іліккен 4 ер адам ұсталды. Олар таң алдындағы қараңғылықты пайдаланып «Газель» автокөлігіне жүк тиеп жатқанын байқаған. Тексеру барысында 4 күдіктінің кабель ұрлағаны анықталды», – деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, күдіктілер 1 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірді.

«4 күдіктінің 3-і бұрын ұрлық, тонау және көлік айдап кету істері бойынша сотталған. Күдіктілерден түсініктеме алынып, ұрланған кабельдер қайтарылды. Және олардың басқа қылмыстарға қатысының бар жоғы тексерілуде. Сол сияқты олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-тармағы «Ұрлық» ісі бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park