2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Құны 74 млн теңгеден артық ипотека алғандар да декларация тапсырады

Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында құны 74 млн теңгеден асатын актив иеленген азаматтар неге декларация тапсыруға міндеттелетінін түсіндірді.

Тұрғын үй
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Мысалы мен 80 млн теңгенің үйін ипотекаға алдым дейік. Оның 40 млн теңгесін өзім салып, қалғанын банктен несиеге алсам, декларациядан босатылам ба?» - деп сұрады журналист.

Министр мұндай операцияларда мәміленің ақтық сомасы ескерілетінін айтты.

«Мұндай жағдайда сіз де декларация тапсырасыз. Декларация тапсырғанда екі көзді көрсетесіз: 40 млн теңге өз қаражатыңыз, қалған 40 млн теңге «Отбасы банктен» алынған қарыз деп. Қарыз болса да қарамайды. Сіз айтып тұрған 74 млн теңге 20 мың айлық есептік көрсеткішті білдіреді. Неліктен бұл соманы алдық? Бізде жалпы есеп болған, біз енді Қазақстанда 1991 жылдан бастап орташа жалақымен қанша ақша жинауға болады деген рұқсат қойылған. Сол межемен алғанда бүгін осы сомаға жетіп қалдық», - деді Мәди Такиев.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті