USD
USD
USD

Құны 26,7 млрд теңге болатын «Теке» көлі мемлекетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге болатын «Теке» көлін қайтарды.

Теке көлі
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. 2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мыңга Теке көлін бергені анықталды.

Дегенмен, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган жер кодексінің талаптарына қайшы, екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған, бұл су қорының жерлерін мақсатсыз пайдалануға әкелді.

Бұдан басқа, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды. Кадастрлық құны 26,7 млрд теңге болатын жалпы ауданы 21,5 мың га ащы — тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет мүдделерін қорғау мәселелері СҚО прокуратурасының ерекше бақылауында.

Қазір оқып жатыр

«Өмірде ешкімге жеңілдік жоқ»: протезбен жаттығатын бодибилдер шабытты қайдан алады?

Әділет Закиев

Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Айтым Жақыпов

Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады

мұнай тасымалы

Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ

Журабек Мирзамахмудов