«Күндіз – Түркістан, түнде – Ауғанстан». Мас «депутат» мейрамханада шу шығарды
Түркістан облысындағы мейрамханалардың бірінде ер адам шу шығарып, жұртты балағаттаған. Бұл туралы «За нами выехали» телеграм-каналы хабарлады.
Алматы, NEGE. Видеодан байқағанымыздай, өзін «облыстық мәслихаттың VII шақырылымының депутатымын» деген ер адам мейрамханалардың бірінде қызметкерлерге жұдырық ала жүгіріп, жұрттың бәрін балағаттап жүр.
Мейрамхана қызметкерлерінің бірі «депутаттың» дөрекі әрекеттерін телефонына түсіріп жүргені байқалады.
Облыстық полицияның хабарлауынша, оқиға 17 қазан күні түнгі сағат бір шамасында болған. Тәртіп сақшылары ер адамның ішкен-жегеніне төлем жасағысы келмей, жанжал шығарғанын айтты. Оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жөнелтілді.

Видеоны көрген желі қолданушылардың бірі: «Күндіз – Түркістан, түнде – Ауғанстан» деп жазба қалдырыпты.
Қазір оқып жатыр
«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды
Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды
Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған
Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы