USD
USD
USD

«Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы енгізіледі

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің білім беру ұйымдарына «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы енгізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. 

«Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта білім берудің барлық деңгейінде тәрбиелік компонентті толықтыру міндеті тұр.

«Сондықтан біз «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын әзірледік және ол жаңа оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұл жобаны біз биылғы оқу жылынан бастап барлық білім беру ұйымдарында енгізетін боламыз. Бұл өте маңызды. Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дегендей тәрбие жұмысын қолға алып, оны жаңа форматта жүргізу өте маңызды болып тұр», – деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.

Оның атап өтуінше, бұл жоба оқушылар, студенттер парламенті қызметін жетілдіре түсуі тиіс. Сонымен қатар білім берудің барлық деңгейінде «Жас ұлан», «Жас қыран» қозғалыстарын дамыту жалғаса беретін болады.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны