USD
USD
USD

Күнделікті 400-ден аса адамға екпе егу жұмыстары жүргізіледі

Шымкент қаласында егу пунктері күнделікті таңертеңнен бастап, түнгі сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейді.

Күнделікті 400-ден аса адамға екпе егу жұмыстары жүргізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Медицина мамандары емханада демалыс күндері, тіпті түскі үзіліске қарамастан, азаматтарға медициналық қызмет көрсетуде.
Тұрғындарға күнделікті вакциналау жұмыстарын жүргізетін дәрігерлердің бірі – № 13 қалалық емханасының медбикесі Диляра Хусанова.

Д.Хусанова елімізде жаппай вакциналау жұмыстары басталғаннан бері емханада үзіліссіз аянбай еңбек етуде. Білікті дәрігер күн сайын 400-ден аса адамға ковидке қарсы вакцина салады.

– Өз еркімен вакцина алуға келген азаматтарға екпенің пайдасы туралы айтып өтеміз. Қазір оң пікір қалыптасып келеді. Сол себептен де күннен- күнге екпе алушылардың қатары артып отыр, – дейді дәрігер.

Айта кетейік, орта буын өкілі 18 жылдан бері медицина саласында жұмыс істейді. Бүгінге дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында біліктілігін арттырып, халықтың саулығы үшін қызмет етуде.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

.

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Ер-азаматтар

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Тоқаев

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.