USD
USD
USD

"Күнделік" пен Daryn.onlinе бірігетін болды

Келесі айда "Күнделік" пен Daryn.online платформасы біріктіріледі. Бұл туралы Daryn.online-ның өкілі Ержан Оңалбаев мәлімдеді

"Күнделік" пен Daryn.onlinе бірігетін болды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE.  "Қазіргі кезде Daryn.online мен "Күнделікті" біріктіріп жатыр. Интеграция болады. Қазан айында аяқталады деп отырмыз. Бұл дегеніміз, бір парольмен "Күнделікке" де, Daryn.online платформасына да кіруге болады", - деді Оңалбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, қазіргі кезде бір мектепте 4-5 білім беру платформасы қолданылып жатады. Содан әрбір оқушы мен мұғалімге 4-5 логин мен пароль жаттап жүруге тура келеді. Ал екі платформаны біріктіргеннен кейін жұмыс жеңілдей түседі. "Сосын Daryn.online-да тест жасауға болады. Ал тестің нәтижесі "Күнделікке" шығып тұрады", - деп атап өтті Оңалбаев. Ал брифингке бейнебайланыс арқылы қатысқан "Күнделік" ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов дәстүрлі білімге көшуге қатысты пікір білдірді. "Карантинге қатысты жағдай реттеледі деп сенемін. Сөйтіп, екінші тоқсанда өзіміз үйренген білім беру арнасына оралатын шығармыз. Негізі бейнебайланыс білім беруге жатпайды. Бұл қосымша құрал ғана. Ал мектепте "тет-а-тет" қарым-қатынас, яғни педагогтың балалармен тікелей қарым-қатынаста болғаны маңызды", - дейді Ілиясов.

Алайда, ұстаздар қауымы Ержан Оңалбаевтың айтқан жаңалыққа селқос қарап отыр. Олардың пікірінше, бұдан келіп-кетер жеңілдік шамалы.

«Күнделік» бізге артық жұмыстан басқа берері жоқ. Мұғалімдердің басқа жұмысы аздай, енді ата-аналардың күнделікке кіру рейтингі мұғалімдердің мойнына жүктеліп отыр», – дейді мұғалімдер.

Қазір оқып жатыр

Депутаттар өз еңбегін қалай бағалайды?

Мәжіліс

Желіде ерлі-зайыптының интимді видеосы тараған: күдікті ретінде жасөспірім ұсталды

Интимді видеоны тарату

Тоқаев ақын Мұхтар Шахановтың туыстарына көңіл айтты

Тоқаев, Шаханов

ҰҚК Жамбыл облысындағы шенеуніктің тергеуге алынғанын растады

.