USD
USD
USD

Kundelik оқушылар деректерінің тарағанын жоққа шығарды

Kundelik цифрлық платформасының операторы қазақстандық оқушылардың жеке деректері желіге тарады деген ақпаратты растамады. Компанияның айтуынша, қазіргі уақытқа дейін жүйеден қандай да бір мәліметтің сыртқа шыққаны дәлелденбеген.

Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Бұған дейін анонимді «Выход к морю» Telegram арнасы кемінде бірнеше мың оқушының деректері интернетте жарияланғанын хабарлаған. Арнаның мәліметінше, файлдарда баланың толық аты-жөні, туған күні, мектеп пен сыныбы көрсетілген.

«Деректердің өзектілігі биылғы қыркүйекке сәйкес келеді, бұл олардың жақында тарағанын аңғартады. Оператор компания бұл жөнінде ресми хабарлама жасаған жоқ», – деп жазылған постта.

Kundelik бұл ақпаратты жоққа шығарып, сонда да ішкі техникалық тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді:

«Қазіргі уақытта Kundelik жүйесінен деректердің тарап кету фактісі расталмаған. Компания тиісті ішкі техникалық тексеріс жүргізуде. Тексеру аяқталғанға дейін оқиғаның себебі мен ауқымы туралы кез келген ақпарат мерзімінен бұрын жасалған болып табылады. Тексеру қорытындысы бойынша Kundelik қоғамды қосымша хабардар етеді».

Компания деректердің тарағаны туралы алғашқы хабар анонимді Telegram арнасында жарияланғанын, ал мұндай ресурстар көп жағдайда жариялаған мәліметі үшін жауапкершілік алмайтынын да атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.

FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті

.

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana